+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтты

2019 жылғы 13 тамыз 14:16
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Мирас» халықаралық мектебінің 20 жылдығы аталып өтті Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берді Білім министрі 2 352 мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды

«Мектептегі орын жетіспеушілігі мәселесін біз Үкіметтің отырысында көтердік. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет бүгінгі таңда бұл мәселеге ерекше назар аударып, қыруар қаражат бөліп жатыр. Қазіргі таңда еліміз бойынша 200-ге тарта жаңа мектеп салынуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында туу мен көшіп келу көрсеткішінің саны артқаннан соң бала саны бір жылда 20 мыңға өседі. Сол секілді Алматы облысында бір жылдың ішінде үш ауысымды мектептердің саны 30-дан 53-ке көбейіп жатыр. Бұл тек туу көрсектішіне қатысты емес, көші-қонға байланысты мәселе. Сондықтан, бұл тарапта қазір министрлік жаңа мектептерді салу әдістемесін жасап жатыр», - деді Асхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуына қарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын балабақша санының жетіспеушілігі өте өзекті мәселе болып тұрған.

«Балабақшалар бойынша жан басына қаржыландыру жүйесін енгізгеннен кейін қазіргі таңда балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші жағынан 95,2 пайызға жеттік. Сондықтан, мектеп мәселесі бойынша жекеменшік мектептердің үлесін өсіруге үлкен назар аударудамыз. Қазіргі уақытта жан басына қаржыландыру механизмі дайын. Үкімет отырысында көрсеткендей, қысқа мерзімнің ішінде ғана 25 жаңа мектеп ашылып жатыр. Жыл соңына дейін біраз мектептер ашылады. Бірақ, ол да жетпейді. Сондықтан, қайта құру механизмін енгіздік», - деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, мектеп құрылысы мәселесіне келгенде мәселен Нұр-Сұлтан қаласында жер тапшылығы проблемасы бар.

«Бірақ, дайын тұрған ғимараттар баршылық. Сол ғимараттар арқылы мектепке жағдай жасайтын болсақ, ғимараттарды да мектеп ретінде ашуға болады. Сол себепті, бұл өте кешенді мәселе. Министрлік тиісті шешім қабылдайды», - деді Білім және ғылым министрі.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп бойынша қалада 17 мың орынның жетіспейтінін хабарлаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT