+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов мектептердегі эпиджағдай туралы айтты

2021 жылғы 15 қазан 14:59
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов мектептердегі эпиджағдай туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектептерде дәстүрлі оқу қалай жүріп жатыр және орта білім ошақтарындағы эпидемиологиялық жағдай қалай? Бұл сұрақтарға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық студенттер халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдау тоқтатылды - БҒМ Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды

«Биылғы оқу жылы дәстүрлі түрде басталды. Оған 1,5 ай уақыт өтті. Көріп отырғандарыңыздай, елімізде індеттің таралуы бәсеңсіп келеді. Балалардың коронавирусқа шалдығуын шілде-тамыз айларымен салыстырсақ, қазір жағдай жақсарған, яғни вирустың тарауы айтарлықтай төмендеген. Еліміз бойынша балалар арасында коронавирустың таралуы 0,1 пайыздан аспай тұр», - деді А. Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Оның айтуынша, мектептерде санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталған.

«Кейбір сыныптар карантинге жіберіліп, қашықтан оқып жатыр. Ал кейбір сыныптар керісінше мектепке қайта оралып жатыр. Жалпы көрсеткіш 0,1 пайыздан аспайды. Яғни жағдай тұрақты. Ең бастысы – мектепте санитарлық талаптар қатаң сақталуда және карантин ережелерін ұстана отырып, білім беру өз деңгейінде жалғаса береді», - дейді ол.

Бұған дейін министр дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне үстемеақы төлетіні туралы айтты.

Сондай-ақ, ведомство басшысы мектептерде бірнеше спорт залдан болатынын мәлім етті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT