+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Мектептерде ақылы олимпиадалар болмауы керек

2019 жылғы 16 тамыз 12:59
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Мектептерде ақылы олимпиадалар болмауы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде өтіп жататын ақылы олимпиадалардың өткізілуін қолдамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болат Бақауов ұстаздарға қазақ тілінде оқыту сапасын арттыруды тапсырды Гүлшара Әбдіқалықова мұғалім мәртебесі туралы заңның қашан қабылданатынын айтты Президент: Білім министрі қаржы министрінен кейін тұруы керек

«Біз дарынды балаларды ары қарай да қолдаймыз. Бірақ, білім мен білім жүйесі сепаратор, сегрегация қызметін атқармауы тиіс. Біз керісінше, әлсіз мектептерді үздік мектептердің деңгейіне сүйреуіміз керек. Десе де, дарынды балалармен жұмыс жеке тұруы тиіс. Қазақстанның дарынды балалары халықаралық интеллектуалдық сайыстарда үздік орындар алып жүр. Соңғы 3 жылда ғана қазақстандық оқушылар 444 алтын медаль, 540 күміс, 848 қола медаль иеленген. Әлбетте, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек», - деді Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында.

Білім және ғылым министрі осы ретте елімізде өтіп жатқан ақылы олимпиадалар мен байқаулар туралы сөз қозғады.

«Ақылы байқаулар көбейіп кетті. Ата-аналар кейде амалсыз балаларын қатыстыруға мәжбүр болады. Кейде ол байқаулардың пайдасы да жоқ. Кейбір интернет олимпиадаларда қағазға басып, ақша төлеп, тапсырма алып үйіне қайтқан бала бүкіл отбасы болып, тапсырманы шешіп, ақыры қандай да бір орын алады. Бұл қаншалықты пайдалы, қаншалықты дұрыс? Сондықтан, олимпиадалар бойынша Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы бар – мектептерде қазіргідей көп әрі форматта ақылы олимпиадалар болмауы керек. Олимпиадалар мен байқаулар бізде болады. Олар керек! Бірақ, бұл ретте министрлік тарапынан нақты регламент болады», - деді Білім және ғылым министрі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT