Асхат Аймағамбетов Мәжіліске ұсынылған кандидатурасы туралы пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов алдағы Мәжіліс сайлауына «Amanat» партиясының атынан кандидат ретінде ұсынылуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты осы партиядан ұсыныс болды. Басқа партиялардан ұсыныс болды деп айтпаймын. Нақты осы ұсыныс», - деді ол партия съезінен кейін журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол партияның әлеуетін пайдаланып елдің дамуына үлес қосуға ниетті екенін атап өтті.

«Бұл партияның нақты әлеуетін бәріміз білеміз. Сондықтан бұл мүмкіндіктерді елімізді дамыту үшін пайдалануды мен өте дұрыс деп санаймын. Өйткені қазір үлкен өзгерістер болып жатыр. Ішінде біз өзіміздің үлесімізді қоссақ, жақсы нәтиже береді деп ойлаймын», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, Асхат Аймағабетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енген болатын.


Соңғы жаңалықтар