Асхат Аймағамбетов Қазақстан ғылымына баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы ғылым деңгейіне баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен төрт деген баға берер едім. Бұл «жақсы» деген мағына. Он балдық шкаламен 7 немесе 8 шығар», - деді Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда «Burabay Forum» жас ғалымдар форумының ашылуында тілшілерге берген сұхбатында.

Министр ғылыми саладағы мәселелер жөнінде әңгімеледі.

«Ғылым жүйесін дамытуды көптеген адам сынға алды. Ең алдымен, қаржыландыру жүйесі, екіншіден – ғылымды басқару мәселелері. Қазіргі уақытта ЖІӨ 0,12% ғана ғылымға жұмсалады. Бұл – өте аз. Сонымен бірге, ғылымды басқару мен қаржыландырудың әділ,ашық, баршаға түсінікті жүйесі болмаса, бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалады. Жүйенің өзі тиімді болуы үшін бізге бірқатар шешім қабылдау қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтетінін мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар