+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Бұйрық шықты – мектепте қағазбастылық жойылады

2020 жылғы 5 мамыр 12:30
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Бұйрық шықты – мектепте қағазбастылық жойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтерден негізгі төрт құжат талап етіледі. Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады. Олар: дәстүрлі сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалған құжаттар, яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжат бар. Демек құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министрдің айтуынша педагогті қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде дейін айыппұл салу көзделген.

«1 сәуірден бастап білім сапасын қадағалау департаменттері осындай құзыретке ие болды. Олар артық қағазбастылықты мен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы керек. Бұл мәселеге нүкте қоюуымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты. Дайын. Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан бұл мәселені күнделікті өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT