+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз

2021 жылғы 15 қазан 14:13
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Бір мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта орта білім беру мектептерінде бір емес бірнеше спорт залдан болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды СҚО-да биыл 500-ден астам жас «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты «Бәріне бірдей мүмкіндік»: 33,5 мың балабақша орны пайда болды

«Еліміз бойынша 45 мыңнан астам балаларға арналған спорттық секциялар бар. Биыл оның санын 50 мыңға жеткізбекпіз. Сол арқылы еліміз бойынша балалардың кем дегенде 50 пайызын күнделікті спортпен шұғылдануға жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп, алдымызға міндет қойды. Қазір мектептердің типтік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол бойынша мектептегі спорттық инфрақұрылымды жетілдірмекпіз. Біз білеміз, бір мектепте бір ғана спорт зал бар, ол бала саны көп мектептер үшін аздық етеді. Мектеп бағдарламасына сәйкес дене шынықтыру пәні аптасына 3 рет өтеді. Сондықтан да типтік бағдарламада біз әр мектепте бірнеше спорт зал болуын қарастырып жатырмыз. - деді А. Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT