+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады

2020 жылғы 1 маусым 19:05
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің дерегінше, 10 жыл ішінде, нақты айтқанда, 2010 - 2020 жылдары балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 70 пайызға, 14 052 адамнан 4193-ке дейін қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52 пайызға азайып отыр. Ал соңғы 4 жыл ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 42 пайызға, 7 236 адамнан 4 193-ке кеміді. Балалар үйінің желісі 140-тан 101-ге, яғни 28 пайызға қысқарды.

«Айта кетерлігі, Балалар үйлері Қолдау орталықтарына айналады. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам белсене атсалысуда. «Тәлімгерлер» мен «Аналар үйі» сияқты жобаларды да ерекше атап өткім келеді. Десе де түйткілді мәселелер бойынша жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр«, - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол мемлекетімізде білім алу құқығына баса назар аударылатындығын, қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатқанын атап өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT