Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінде интернет жылдамдығы неге төмен екенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елдімекен мектептерін интернетпен қамтуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орта білім беруде бірнеше қосымша ресурстар қолданылады. Әсіресе Күнделік.kz көп мектептерде қолданылады. Сонымен қатар білім ал және EDUS ресурстары бар. Қосымша білім беру жүйелері жаңа оқу жылына дайын болуы тиіс. Елдімекен мектептерін интернетпен қамту бойынша әлі де шешілмеген сұрақтар бар. Оның екі себебі бар. Біріншіден, техникалық ақау салдарынан интернеттің жылдамдығы жеткіліксіз деңгейде. Мәселенің екінші жағы интернетпен қамтуда жергілікті бюджеттен қажетті қаражаттың уақтылы бөлінбеуінен. Соның салдарынан ол жерде интернет нашар. Міне біз осы мәселені шешуіміз керек», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппараттық жиналыста.

Министр жалпы мектептерді интернетпен қамту динамикасына оң бағасын берді.

Сондай-ақ, интернетсіз елдімекен мектептерін мәселесін жаңа оқу жылына дейін шешу керектігін тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін мектептердегі интернет жылдамдығы төмен өңірлер туралы хабарлаған едік.

Оқу ағарту вице-министрі Айбат Ілиясовтің мәлімдеуінше кейбір өңір мектептерінде интернеттің жылдамдығы секундына 512 килобиттен төмен.


Соңғы жаңалықтар