+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов алматылық оқушының хатына жауап берді

2019 жылғы 6 қараша 20:14
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов алматылық оқушының хатына жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алматылық оқушы Нұрбақыт Ғалымжанның хатына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысының мектептеріне 15 мың компьютер сатып алынбақ Қостанай облысында 265 мектеп қалыпты жағдайда білім береді Асхат Аймағамбетов: Оқу құнын көтермеу үшін ЖОО-ға жағдай жасау керек

«Нұрбақыт, сенің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатыңды оқыдым. Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын ұсынды және бізге – мемлекеттік қызметшілерге өзекті сұрақтарға дер кезінде жауап беруді тапсырды. Сенің пікіріңді бағалаймын, бірақ менің мойныма еліміздің барлық оқушылары үшін жауапкершілік артылған. Білім министрлігінің жұмысы сенің және достарыңның білімді азамат болып өсуіне, Қазақстанның дамуына үлес қосуға бағытталған», - деп жазды министр Facebook желісіндегі ресми парақшасына.

Министр мектеп бағдарламасындағы барлық пәннің маңызды екенін атап өтті.

«Бір пәнді оқу үшін екінші пәнді білу қажет. «Жаратылыстану» - өте қызықты пән, ол сені қоршаған ортамен таныстырады. Ал «Өлкетану» өзің туып-өскен аймақтың тарихын баяндайды. Сәл тырыссаң, оқу жылының соңына дейін осы пәндерден жақсы нәтиже көрсетеріңе сенімдімін. Каникулға келсек, сен оқитын мектеп бағдарламасы каникул күндері жеткілікті болатындай, келесі тоқсанға дейін демала алатындай етіп құрылған», - деді А. Аймағамбетов.

Сонымен бірге, оқушылар баратын спорттық үйірмелер мен орталықтардың саны артады.

«Сенің спортқа деген талпынысыңды қолдаймын. Қазір сенің қалаңда спорттық үйірмелер жұмыс істейді, біз олардың санын көбейтіп жатырмыз. Одан бөлек, Алматыда Оқушылар сарайы, Оқушылар үйі бар, мұндай сарайларды да көптеп тұрғызамыз. Сен секілді балалар спортқа қызығушылығын жоғалтпауы үшін, спорттық, шығармашылық, көркем үйірмелермен қамтылуы үшін олардың жұмысын жетілдіреміз. Нұрбақыт, бәлкім сен чемпион немесе танымал ғалым боларсың. Бірақ, ең бастысы – жақсы адам және еліміздің лайықты азаматы болып ер жетуіңе тілектеспін», - деп лебіз білдірді министр.

Айта кетейік, Алматы қаласы №138 гимназияның 4-сынып оқушысы Нұрбақыт Ғалымжан Президентке хат жазған болатын. Онда Нұрбақыт каникулдың аздығын және кейбір пәндердің қызық еместігін сынаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT