+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы ҰБТ-ға енгізілетін алғашқы жаңашылдықтарды атады

2020 жылғы 15 қыркүйек 10:14
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы ҰБТ-ға енгізілетін алғашқы жаңашылдықтарды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Оқуға құштар мектеп»: Бес жылда мектеп кітапханаларындағы әдебиет жаңартылады Үкіметтен сапалы білімді талап ете білуіміз керек - Ерболат Мұхамеджан Жаңа мамандықтар атласы 90% дайын – Саясат Нұрбек

«Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Асхат Аймағамбетов сұрақтардың мазмұны әлі де көңілінен шықпайтынын жеткізді.

«Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгендігіне қарамастан сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. Содан кейін бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады. Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тесте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. Талапкерлер тапсыратын пәндер бойынша да нақты шешім қабылдау қажет», - дейді ол.

Министр ҰБТ-ны мектептегі қорытынды емтиханға және жоғары оқу орнына түсу емтиханына бөлгеннен кейін қажетті құзыреттіліктерді бағалау тәсілдерін өзгерту бойынша да мүмкіндік туғанын хабарлады. Себебі ҰБТ мектепте алған білімін бағалау емес, жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау маңызды.

«Сауатты, әрі түсінікті сұрақтар. Бұл – алдағы уақытта атқаратын өте ауқымды әрі маңызды жұмыс. Аталған шараның барлығы алдын ала ғылыми деректердің негізінде сарапшылар мен педагогтердің талқылауы арқылы қабылданатыны сөзсіз. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады», - деп түйді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT