«Ашаршылық» фильмінде сол кездегі саяси элита көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «MG production» кино компаниясының бас прордюсері Ернар Мәліков фильмде сол кездегі Қазақстанның саяси элитасы бар болмысымен көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашаршылық фильмінде сол кездегі саяси элита көрсетіледі. Онда шағын бір отбасының оқиғасынан бастап, бүкіл Қазақстандағы ахуалды көрсетеміз. Голощекин бастаған сол кездегі Қазақстан басшылығы толығымен кадрда болады. Тарихты бүкпесіз көрсетеміз. Оның ішінде Ресейден жер аударылып келген орыс әйелінің балалар үйі үшін Голощекиннен қаражат сұрағаны туралы, Тұрар есімді қазақтың бүркітімен ауылын асырағаны туралы эпизодтар бар», - деді«MG production» кино компаниясының бас прордюсері Ернар Мәліков.

Ернар Мәліков фильм қазақ тілінде, қазақ актерлері ойнайтынын айтты.

«Фильм Талдықорған, Алматы, Өскеменнің маңайында түсірілуі мүмкін. Дайындық жүріп жатыр. Қазақ тілінде, қазақ актерлер рөлдерді сомдайды», - деді Ернар Мәліков.

Айта кетейік, бүгін  Алматы қаласында «MG production» кинокомпаниясы «Старт тайм» краудфандинг платформасымен бірлесе отырып «Ашаршылық» тарихи драмасын түсіру жұмыстарын басталғанын хабарлады. Фильм 1931-1933 жылдар аралығында қазақ халқының басынан өткен ашаршылық тақырыбына арналмақ.  

Соңғы жаңалықтар