Асхан Байдуалиев Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды

None
Фото: gov.kz
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Асхан Мархабайұлы Байдуалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байдуалиев Асхан Мархабайұлы – уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. 1972 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті болып бастаған. Кейіннен Алматы облысы, Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық жұмыс департаментінің директоры және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып еңбек етті.

2020 жылдан бері Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасын басқарып келді.

Айта кетейік, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына бұған дейін басшылық жасаған Марат Пашимов басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылған болатын.



Соңғы жаңалықтар