Асфендияров атындағы ҚазҰМУ спорт дәрігерлері мен биоинформатиктерді даярлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті спорттық медицина, биоинформатика және фармацевтикалық косметология саласында мамандар даярлайды.

Бұл туралы университет ректоры Талғат Нұрғожин Алматыда өткен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандарды оқыту магистратура дәрежесінен басталады. Спорттық остеопат-дәрігерлерді Қазақ туризм және спорт академиясымен бірлесіп әзірлейді. Ал Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірге - биологиялық ақпаратты математикалық талдаумен айналысатын, генетикалық мутацияларды болжауға арналған бағдарламалар әзірлейтін биотехнологтар даярланады.

Сондай-ақ, фармацевтикалық косметология бойынша магистратура ашылады - онда сарапшылар косметикалық медицина үшін дәрілік заттарды тағайындауда көмек көрсетеді.

«Біз өз мүмкіндіктерімізді кеңейтуіміз қажет. Жұмыс істеп, қаражат таба алатын сұраныстағы мамандарды даярлайтын боламыз. Мәселен, эпидемиологтар мен биостатистиктер қазір жоқ», - деді ҚазҰМУ ректоры.

Соңғы жаңалықтар