Әсет Тұрысов цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы «Нархоз» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.
2010-2011 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ электр байланысы инженері.
2011-2012 жылдары — ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.
2012-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы.
2014 жылы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры.
2014-2017 жылдары — «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеді.
2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
- Түркістан облысының ауылындағы интернет сапасына байланысты операторға айыппұл салынады
- Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19-ға қатысты бірлескен шараларды талқылады
- Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ташкентке келді
- Батыс Қазақстанға Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
-
Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы тағайындалды
-
Сенатор елге келген қандастарға төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам