Әсет Қанағатов Жетісу облысының Энергетика басқармасына басшы болып тағайындалды

None
Фото: Жетісу облысы әкімдігі
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Қанағатов Жетісу облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанағатов Әсет Серікұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «қаржы және несие, құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысында «Автотех қызмет көрсету» ЖШС-да экономист-бухгалтер болып бастаған.

Әр жылдары «Талдықорған электржелілік тарату компаниясы» ААҚ экономист-бухгалтері, Алматы облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы, Көксу ауданы қаржы бөлімі басшысының орынбасары, осы бөлімнің басшысы, Текелі қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Текелі қаласының қаржы бөлімінің басшысы, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, осы басқарманың басшысы қызметтерін атқарған.

Тағайындауға дейін шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар