USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Әсет Исекешев ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IX кездесуіне қатысты

2021 жылғы 17 қараша 19:37
Бөлісіңіз:
Әсет Исекешев ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IX кездесуіне қатысты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының IX кездесуіне қатысты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тәжікстанға көмек көрсетуді ұсынды Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Форум барысында ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндері жағдайында өңірлік өзара іс-қимылдың ауқымды әрі өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар Ауғанстан аумағынан шығатын ықтимал қауіптерді, соның ішінде экстремизм мен терроризмнің таралуын, трансшекаралық қылмыстың, заңсыз көші-қонның, есірткі трафигінің өсу мәселелерін қарастырды.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қонды реттеу, азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға ерекше назар аудару, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығының бағыттары туралы пікір ортаға салынды.

Сонымен қатар күн тәртібінде биологиялық қауіпсіздік қатерлерін, оның ішінде биотехнологияларды пайдаланумен байланысты қауіптерді азайту жөніндегі шаралар талқыланды.

Әсет Исекешев өз сөзінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, күрделі гуманитарлық дағдарыстың және осыған байланысты қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған әрі келісілген іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы су ресурстары ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторларының біріне айналатынын ескере отырып, біздің өңірде экологиялық және су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі практикалық қызметтің маңызы артып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ сипаты елеулі өзгерістерге ұшырайтын төтенше жағдайларды болжау саласындағы тәсілдерді жаңарту қажеттігіне мән берілді.

Әсет Исекешев биологиялық қатерлердің алдын алу бойынша үйлестірілген іс-қимылдың маңыздылығына назар аударды. Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын іске асырудың өзектілігі артып келеді.

Іс-шара аясында ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Достастық елдерінің әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізіп, өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT