Әсет Исекешев тау-кен саласы бойынша инвесторларды Қазақстанға шақырды

None
None
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Екінші тау-кен өнеркәсіптік форумында Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев тау-кен саласы бойынша инвесторларды Қазақстанға шақырды.

Тау-кен саласы инвесторлар үшін тартымды салалардың бірі екеніне тоқталған Ә. Исекешев, «біз инвесторларды Қазақстанға шақырамыз. Бұл бағытта қолайлы инвестициялық жағдай бұдан ары қарай да жасалатын болады. Атап айтқанда бизнесті жүргізу ахуалын жақсарта түземіз»,-деді.

Осы орайда Үкімет басшысының орынбасары бұл форум Қазақстан үшін тиімді жаңа келісімшарттар жасауға септігін тигізетініне сенім артты.

Айта кетейік, форумға Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Ресейден, Украинадан, Еуропалық Одақтан, АҚШ, Австралия, Жапония, Канада және басқа мемлекеттерден 400-ге жуық мамандар қатысуда. Екі күнге созылатын аталған шарада олар кен орындарын пайдалану, салық салу, сондай-ақ бұл саладағы өзге де маңызды мәселелерді талқылайды.

Соңғы жаңалықтар