Әсет Исекешев парамен ұсталған антикор қызметкері туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде Президенттің Көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Атырау облысында ірі парамен ұсталған антикор қызметкері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өз қатарларыңыздың тазалығы да өзекті мәселе. Жуықта Атырау облысында жедел қызметкердің аса ірі көлемде пара алу үстінде ұсталуы осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін көрсетеді. Мұндай фактілер қоғам арасында жағымсыз талқылаулар туындатады. Сондықтан жеке құрам арасында сувентивті жұмыстарды күшейту керек. Агенттік жұмысының негізгі нәтижесі қоғам мен бизнестің, инвестордың елдегі сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін шынымен сезінгені болуы керек», - деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдардың тұрғындармен жұмысы халыққа қызмет көрсету орталықтарының моделіне негізделу керек деген ой айтты.

«Агенттік мемлекеттік қызметшілердің бизнеспен, халықпен қатынасатын барлық периметрінде халыққа қызмет көрсету орталығындағы сияқты жүйеге көшуіне қол жеткізу керек. Тікелей ара-қатынастың болмауы, нақты алгоритмдер, жеделдетілген әрі ашық процедуралар, шағымданудың тиімді тетігі болғаны маңызды. Бірінші кезекте мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алулар саласында тәртіп орнату керек. Бұл мәселелерді іске асыруда ашықтық, мөлдірлік, цифрландыру тәсілдерін пайдалану маңызды. Сонымен бірге жетекші құқықтық технологиялар, жедел жұмыстың жаңа тәсілі қолданысқа енуі қажет», - деді Қаупісіздік кеңесінің хатшысы.


Соңғы жаңалықтар