Әсет Исекешев қазақстандықтардың дүниетанымын не өзгертетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев қазақстандықтардың менталитеті мен дүниетанымын не өзгертетінін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бұл пікірін ол елордада өтіп жатқан «Бәскелестік трансформациясы! Ұлттар – Энергия – Индустриялар – Қалалар – Таланттар» атты Ғаламдық инновациялық саммитте білдірді.

«Мәдени ерекшеліктерді қалаған жағыңа бағыттау оңай емес. Ойлау жүйесін өзгерту үшін қоғамды траснформацияға итермелейтін институттар мен саясаттың болуы маңызды. Қазақстанда азаматтардың дүниетаным шеңберін түбегейлі өзгерте алатын бірнеше тәжірибе жүзеге асты. Мұндай гейм-чейнджерлердің бірі ретінде ірі қалалар аясындағы урбанизацияны мысалға келтіруге болады. Ірі қалалар қазір таланттарды өзіне жинайтын магнит рөлін атқарады. Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары осындай сипаттағы урбанизация орталықтарына айналып отыр. Бұлардың ішінде 20 жылдың айналасында қанатқақты қала жобасынан ақылды қала фронтиріне айналған елорданың орны ерекше. Мұнда жүзеге асырылып жатқан жобалар қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен жайлылығын жақсарта отырып, олардың мәдени бағдарларын өзгертіп, бәсекеге қабілеттілік аясын кеңейтті», - деді Әсет Исекешев.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Назарбаев Университетін де осындай гейм-чейнджер ретінде атады.

«Аталмыш университет студенттері ашық ойлауға машықтанып, саналарында білімге «тойымсыздық» қалыптастырып жатыр. Астана халықаралық қаржы орталығы елдегі үздік гейм-чейнджерлердің үштігіне еніп отыр. Аз уақытта ол Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің өзегіне айналды. Осы тәжірибенің барлығы халықтың мінез-құлқын өзгертуді ынталандырады», - деп түйіндеді Әсет Исекешев.



Соңғы жаңалықтар