Әсет Исекешев қайтыс болған Талғат Рысбековтың отбасына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бақилық болған қалалық құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін түнде Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбеков дүниеден өтті. Талғат Тастыбайұлы білікті маман, жақсы адам еді. Саналы ғұмырының бірнеше жылын елорда әкімдігіне арнап, жайдары мінезімен, терең білімімен, адами жақсы қасиетімен айналасына танымал болатын. Бұл қайғы бізге де ауыр тиіп отыр. Талғат Тастыбайұлының туған-туыстары мен жора-жолдастарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазды қала әкімі өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Талғат Рысбеков 3 желтоқсанда көз жұмғаны туралы бұдан бұрын республикалық БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Басқарма басшысы 1966 жылы өмірге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын аяқтаған. Д.Қонаев атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алған. Құрылыс басқармасын 2015 жылдың тамызынан бері басқарған.

Соңғы жаңалықтар