Әсет Исекешев Елбасы тапсырмаларын орындау тетіктерін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Елбасы тапсырмаларын орындау барысы бойынша жедел отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қатысты.

Отырысқа қатысушылар Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының барлық негізгі бағыттарының механизмдері мен алгоритмдерін жіті талқылады. 

Президент Әкімшілігінің басшысы жоспарланған бүкіл іс-шаралар бойынша нақты жетістікке жетіп, міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысың үйлесімін қамтамасыз етуді тапсырды

Бұдан бөлек, Әсет Исекешев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық негізгі стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылу бағасы мен кешенді мониторингін қамтамасыз ететін Ұлттық жаңғырту комитетінің негізгі қызметтері мен міндеттері туралы айтып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушыларға барлық деңгей, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар Жолдаудың алғашқы кезектегі шараларын жүзеге асыру бойынша жүйелі бақылау жүргізуді жүктеді.

Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жариялаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар