Әсет Исекешев Бейжіңдегі көлік қызметін ұйымдастыру жұмысымен танысты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әсет Исекешев Бейжіңге жұмыс сапары барысында Қытай астанасының мэрі Цай Цимен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

Кездесу барысында бауырлас қалалардың ынтымақтастығының болашағы талқыланды. Нақтырақ айтқанда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырылуы қарсаңында Бейжіңнің Астанадағы күндерін ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.



Әсет Исекешев астаналардың іскерлік және мәдени байланыстарын кеңейуде туризм саласының әлеуетінің зор екендігін атап өтті. Бұл мәселе Қытайдың Қазақстандағы туризм күндерінің аясында ерекше өзекті бола түспек, сол себепті елорда басшысы Бейжің туристерін «ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

ҚХР-мен халықаралық сауданы жандандыру жөніндегі комитет өкілдерінің мәліметтерінше, ЭКСПО-2017 көрмесін көруге Қытайдан 300 мыңға дейін турист келеді. Үш ай көлемінде Қытайдың 22 провинциясының өкілдері өздерінің экспозицияларын ұсынып, іскерлік әлеуеттері мен мәдениеттерін таныстырады. Бейжіңнің Астанадағы күндері 16-18 маусым аралығында өтеді.

 
Исекешев пен Цай Ци Қазақстан-Қытай жобаларының маңыздыларының бірі болып табылатын Астанада жеңілрельсті көлік қозғалысын жолға қою жобасын талқылады.

Бұған қоса елорда әкімі Астана мен Бейжің арасында көлік басқару мәселесі бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын тұрақты жүргізуге мүдделі екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар