+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Әсет Исекешев Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен келіссөз жүргізді

2021 жылғы 18 маусым 16:07
Бөлісіңіз:
Әсет Исекешев Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен келіссөз жүргізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өтті.

Келіссөз барысында тараптар өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің жай-күйі, Орталық Азиядағы қазіргі сын-қатерлер, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағыттары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Ауғанстаннан АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары әскерлерінің шығуына байланысты ахуалдың даму барысы, бүкіл өңірдің қауіпсіздігі бойынша елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету перспективалары талқыланды.

Әсет Исекешев Хамдулла Мохибты өңірлік тұрақтылықтың негізгі мәселелеріне қатысты еліміздің ұстанымы туралы хабардар етіп, Ауғанстандағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық күш-жігер БҰҰ қамқорлығымен өтуі тиіс екенін атап өтті.

Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі өз кезегінде ауғанішілік реттеу жөніндегі бейбіт үдерістің барысын егжей-тегжейлі баяндады.

Бұдан бөлек әскери және әскери-техникалық саладағы ықпалдастықтың аспектілері, есірткі тасымалы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мәселелері және басқа да өзекті сын-қатерлер қарастырылды.

Келіссөз соңында тараптар Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті екенін нақтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Дана Телятникова Каз
Дана Телятникова Каз
954-059

MURAǴAT