Әсет Исекешев Астана LRT компаниясының бұрынғы басшысы туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев «Астана LRT» ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Біз оны қызметінен босатқанда бірқатар материалды құқық қорғау органдарына жібергенбіз. Қазір тергеу жалғасып жатыр, құқық қорғау органдары нәтижесін өздері айтады», - деді Әсет Исекешев елордада жас ғалымдар форумының ашылуында тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланғаны бұған дейін хабарланған болатын.

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар