Әсет Исекешев: Астана халқын 2 миллионға жеткізуге дайындық басталып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданы 2 миллион тұрғыны бар қала етуге дайындықтың басталғанын, яғни арнайы бағдарламаның жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми санақ бойынша Астанада бүгінде 1 млн 200 мың адам тұрады. Жыл санап қала тұрғындарының саны артуда, осы тұрғыда Елбасы 2 млн тұрғыны бар қала болуға дайындалуды тапсырған болатын.

«Біз қаланы дамытуда 20 қадамнан тұратын бағдарлама жасап шығардық. Бүгінгі күнде басты екі бағытпен жұмысты бастадық. Бірінші бағыт: қала тұрғындары үшін қауіпсіздік пен жайлылық, екіншісі жол және көлік қатынасын қамтиды. Негізі 20 қадам бағдарламасы барлық саланы қамтиды, сол салалардың бірі көліктік мобильділік. Бұл дегеніміз қоғамдық көліктердің қауіпсіздігі мен жайлылығы, жаяу және веложүргіншілерге арналған жолдардың қауіпсіздігі, бағдаршамдар жүйесі және барлық қалалардың проблемасы болып табылатын кептелісті азайту. Жол транспорты мәселелерін шешуде біз әлемнің ірі мегаполистері Мәскеу, Дубай, Сингапур қалаларының үздік тәжірибелеріне сүйендік. Дегенмен халық санымен қатар көліктер де кебеюде. Айтар болсақ бүгінде қала іші мен маңайын қоса есептегенде бір күнде 400 мыңнан аса, ал мереке күндері 500 мыңнан аса көлік жүреді, - деді Әсет Исекешев.

Оның сөзінше, Астана халқын 2 млн-ға жеткізу мақсаты ресми бағамдау бойынша 2030 жылға белгіленген. Алайда қала тұрғындарын тіркеудегі жедел бағамдау бойынша бұл мақсатқа 2030 жылға дейін жетуіміз мүмкін.

Сонымен қатар қала әкімі Тәуелсіздік сарайынан жаңа «Нұрлы жол» вокзалына дейін жаңа «Мың жылдық» аллеясы құрылысының басталғанын атап өтіп, онда алдағы 5 жыл көлемінде бүтін бір қалашық тұрзылатынын айтты. Одан бөлек қаланың басты көлік ағыны өтетін Мәңгілік Ел, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарынан үлкен және кіші айналма жолдар салу құрылысы қолға алынды.

Айта кетейік, аталған жобаларды аяқтау 2020 жылға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар