Әсет Ерғалиев: Сыртқы сауда тауар айналымы 82 млрд доллардан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы сауда тауар айналымы 82 млрд доллардан асты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда тауар айналымы 14,1 пайызға өсіп, 82,2 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 23,5 пайызға өсіп, 49,1 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 24,4 пайызға артып, 15,5 млрд долларға дейін жетті», - деді министр.

Оның атап өтуінше, тауарлар импорты 33,1 млрд долларды құрады.

«Жалпы, оң сауда балансы өткен аймен салыстырғанда 2,2 млрд долларға өсіп, 16 млрд долларды құрады», - деді Әсет Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар