Әсет Ерғалиев: Өңірлерді дамыту жоспарлары жаңартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлерді дамыту жоспарлары жаңартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің әрбір өңірінің бәсекелестік артықшылықтарын айқындайтын іс-шараларды қамтитын өңірлік дамудың жаңа тәсілдері әзірленеді. Ол үшін «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң дайындалады. Оның аясында орталық қала мен шеткері аймақ арасында функцияларды нақты бөлу жолымен институционалдық дамыту көзделеді. Бірыңғай қала құрылысы агломерацияларын жоспарлау енгізіледі»,- деді Әсет Ерғалиев.

Оның атап өтуінше, аумақтық даму жоспарында «Адамдарды – инфрақұрылымға» жақындату қағидаты бекітіледі.

«Бұдан басқа, бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес Өңірлерді дамыту жоспарларын жаңарту көзделіп отыр. Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген әрбір тапсырмасын жан-жақты әрі жедел орындайтын болады. Жолдауды тиімді іске асыру үшін министрліктің жұмысы мынадай қағидаттарда жүргізіледі: жобалық тәсілді қолдану, процесстер дебюрократияны барынша азайту және нәтижеге ұмтылу», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар