Әсет Ерғалиев экономика өсіміне қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Орталық коммукациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жалпы ішкі өнім өсіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезеңде біздің ресми болжам биылға экономика өсімі 3,1 пайыз шамасында. Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен болжамның келесі межесіне қатысты бірлескен жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бұл болжамды раунд биылғы 1 қыркүйекте аяқталады. Басшылық экономика өсімі 3,5 пайыз немесе одан да жоғары болуы мүмкін екенін айтты. Алдағы раундта біз өзіміздің болжамды мәнді жоғарылатымыз деген ойдамын. Бұл тұрғыда бес айдың қорытындысы бойынша экономика өсімі 1,6 пайыз деңгейінде қалыптасты. Осыған дейінгі раундта 1,2 пайызды болады деп есептеген едік», - деді Ә. Ерғалиев.

Осы орайда ол халықаралық тауар және биржа нарықтарында баға тұрақтанып келе жатқанын атап өтті.

Құрылыс саласында да жақсы қарқын бар екеніне тоқталған министр, «ТМД аясында халықтық жан басына шаққанда баспана салу бойынша бірінші орындамыз. Шамамен айтсақ, 3,5-тен 4 пайызға дейінгі дәлізде болады. Алдағы уақытта жеті айдың көрсеткіштерін назарға аламыз. 3,7-3,8 пайыз болуы мүмкін», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар