АСЕМ Саммитінің қорытынды құжатына Қазақстанның бастамалары енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия мен Еуропа көшбасшылары саммитінің қорытындысы бойынша, қорытынды құжат - төрағаның мәлімдемесі қабылданды. Құжатқа саясат, қауіпсіздік, экономика және қаржы, білім беру және гуманитарлық сала сияқты өзара ынтымақтастықпен байланысты мәселелер енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорытынды құжатқа Қазақстанның қаржы институттарының өңірлік ынтымақтастығы (АХҚО-ны дамыту аясында) мен дінаралық диалогты нығайту жөніндегі бастамалары енді. Құжатта сондай-ақ Қазақстан үшін ынтымақтастық тұрғысынан алғанда басымдыққа ие кәсіптік-техникалық білім беру, көлік және логистика, азық-түлік қауіпсіздігі, энергетика және инновация, энергия тиімділігін арттыру технологияларымен байланысты мәселелер де көрініс тапқан.

Айта кететін басты мәселе - АСЕМ бүгінгіден де терең экономикалық және гуманитарлық әрекеттестікті ынталандыру үшін Еуразия континентіндегі мемлекеттерді, адамдар мен халықты бір-бірімен жақындатуға бағытталған ықпалдастық мәселесіне баса назар аударады.

Саммит қарсаңында Еуропалық Одақ ұйымның Азиямен байланысты стратегиясын қабылдады. Құжат көпжақты және еркін сауда, Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Еуропалық Одақтың рөлін нығайту мәселесіне екпін түсіре отырып, экономикалық дипломатияны тереңдетуге бағытталған. Аталған құжатта Орталық Азияға, соның ішінде Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған «көпір» ретінде және үлкен көлік-транзиттік әлеуетін ескере отырып Қазақстанға ерекше көңіл бөлінген.

Соңғы жаңалықтар