Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «ENRC Kazakhstan» өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары — «Зерде» ҰБХ» АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары — «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.



Фото: primeminister.kz





Соңғы жаңалықтар