Әсел Сәдуақасова коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық актриса, әнші әрі продюсер Әсел Сәдуақасовадан коронавирус анықталды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Мен ауырып қалдым. Соңғы сәтке дейін саумын деп ойлап едім, бірақ араласатын адамдардың көбі ауырып жатқанда сау қалу қиын екен. Сақтаныңыздар! Кім ниеттес болса, мен үшін дұға тілеңіздерші?! Алда жағдай қалай боп жатқанын жазып отырам. Бұл үйде отырып, өзін қорғауға шақырған жазба. Мен секілді оңды-солды шыға бермеңіздер» деп жазды ол.

Естеріңізде болса, наурыз айының ортасында «актриса коронавирус жұқтырып алды» деген сыбыс шыққан. Алайда кейін Әсел Сәдуақасова бұл хабарды жоққа шығарған болатын.



Соңғы жаңалықтар