Әсел Қалықова: Ұжымдық иммунитет қалыптастырудың ең тиімді жолы - вакцина

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың, сондай-ақ жаппай вакцинацияның арқасында сырқаттанушылықты едәуір төмендетуге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эпидемиолог Әсел Қалықова COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті адамдарға коронавирустың әсер етуімен емес, вакцинация арқылы қорғауды қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Сондықтан коронавируспен ауырғаннан кейін пайда болған антиденелерге үміттенудің қажеті жоқ, барып, вакцина салдыру керек.

«Коронавирус ауруынан кейінгі иммунитет көптеген ерекшеліктерге ие және адамның жеке иммунитетіне байланысты. Адамның ауырып, одан емделгені оның иммунитетінің қорғалғанын білдірмейді. Ковидтің кез келген формасымен ауырып, жазылса да, оның ағзасындағы антиденелер азайған кезде ол қайтадан жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан вакцинация мәселесіне барынша байыппен қарау керек», - деді ол.

Сонымен қатар, ол коронавирусқа қарсы вакцинация өте қажет екенін және біз оның оң нәтижесін кейбір елдердің мысалында көріп отырғанымызды айтты. Израильде, Ұлыбританияда.

«Яғни, біз вакцинациядан өткен елдердің мысалында ауру мен өлім - жітімнің айтарлықтай төмендегенін көре аламыз, демек, ұжымдық иммунитетке қол жеткізудің бұл әдісі өте тиімді», - деп түсіндірді эпидемиолог.

Оның айтуынша, қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың, сондай-ақ жаппай вакцинацияның арқасында сырқаттанушылықты едәуір төмендетуге болады.

«Көптеген алматылықтар вакцинаның екі компонентін де алды. Вакциналаудың белсенді қарқыны сақталған жағдайда мегаполис тұрғындарында ұжымдық иммунитет қалыптасады. Мен алматылықтарды вакцина алуға шақырамын»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар