Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова тұрғындарды ұжымдық иммунитетті арттыру үшін екпе салуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсел Қалықова ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бүгінгі 56,5%-дық көрсеткіш жеткіліксіз деп есептейді, сондықтан халықты вакцина алуға шақырды.

«Бүгінде біз ұжымдық иммунитет деңгейінің 56,5%-ына жеттік, ол вакциналанғандардың 48,4%-ынан және ауырып жазылған адамдардың 8,1%-ынан тұрады. Бұл ретте вакцинациядан кейін сырқаттанғандардың үлес салмағы егу науқаны басталғаннан бері небәрі 0,3 %-ды – 3151 адамды құрады. Ал аурудың жаңа ауыр көтерілуінің алдын алу үшін вакцинация арқылы, оның ішінде 9 ай немесе алты ай бұрын вакцинацияланған адамдар үшін қайталануы мүмкін», - дейді спикер.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар – 26,1%, зейнеткерлер – 21,2%, ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 20,3%, оқушылар – 13,1%.

«Қазір балалар арасында жұқпаның 5%-ға өскені байқалады, студенттер – 3,4%-ға дейін, банктер мен сақтандыру компанияларының қызметкерлері – 2,8%-ға дейін және әскери қызметшілер – 1,3%-ға дейін. Халықтың қалған санаттары 1% шегінде» ,-деді ол.

Өткен аптада негізгі жұқтыру орындары сауда нысандары – 35%, қоғамдық көлік – 30%, отбасылардағы байланыстар – 16% және базарлар – 10% болған.


Соңғы жаңалықтар