+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Әсел Далиева тоғызқұмалақтан 9 дүркін әлем чемпионы атанды

2019 жылғы 4 мамыр 18:30
Бөлісіңіз:
Әсел Далиева тоғызқұмалақтан 9 дүркін әлем чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияда тоғызқұмалақ пен мангаладан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева айтып берді.

«Бүгін Тоғызқұмалақтан V әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Үкілеп алып барған қыз-жігіттеріміз үмітті ақтады. Осы біріншілік аясында қыздар арасында Әсел Далиева 9 дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізсе, ерлер арасында Ғалымжан Темірбаев 4 дүркін әлем чемпионы атанды. Жарыстың соңғы күні рапид түрінен жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ және мангала федерациясының президенті Рауф Өзген марапаттады», - деп атап өтті Айнұр Жақапбаева.

Бас жаттықтырушының Түркиядан арнайы берген мәліметінде рапидтан ерлер арасындағы және әйелдер арасындағы додада жүлденің барлығы Қазақстан ойыншыларына бұйырған.

null
null
null

Атап айтар болсақ, рапидтен бас жүлдені Ғалымжан Темірбаев жеңіп алса, екінші орынға Биғали Зікрияев ие болды. Ал үздік үштікті Бексұлтан Бостандықов пен Аманбек Өндірбаев қанжығаларына байлады.

Қыздар арасындағы сайыста әлем чемпионы атағын Лина Каримова жеңіп алса, екінші орынға Əсел Дәлиева ие болды. Үздік үшінші орындарды Гүлнар Базаралиева мен Ализа Ерниязова жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанған ойыншылар туралы жазған болатынбыз.


null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT