Асанәлі Әшімов: Тәрбие және мәдениетсіз ғылым мен білім – қауіпті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы астарлы, мағыналы болды. ҚР Халық әртісі, Еңбек ері, актер Асанәлі Әшімов Алматыда өткен жиын барысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Жолдауын қайсымыз калай түсіндік?! Біз актерлер сөзден гөрі сөз астарын көбірек байқаймыз. Президент Жолдауында күнде естіп жүрген сөздер болғанмен, түсінген адамға астарында өте терең мәселелер айтылды. Екі сағат телеарна алдында тапжылмай тыңдадық. Ұлылардан цитата келтірген әдемі баяндама болды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының «білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кәсіпкерлік керек» дегені. Кәсіп пен еңбекпен, маңдай термен тапқан байлық – елге тиетін байлық. Коррупциямен келген байлық – бойға сіңбейтін, халыққа еш пайда бермейтін дүние. Күшті болу үшін – бірлік керек. Мұнда да үлкен астар жатыр», - деді Асанәлі Әшімов.

Белгілі актер тәрбие және мәдениетсіз ғылым мен білімнің қауіпті екендігін айтты.

«Осының барлығы мәдениетке кеп тоқтайды. Көшеден дұрыс өту үшін де мәдениет керек. Жолдауда керең еститін, мылқау түсінетін сөз айтылды. Осы отырған азаматтар ғалымдар, үкіметімізге қолдан келгенше жәрдем берейік. Осы жерде қалып қалмасын», - деді А.Әшімов.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.


Соңғы жаңалықтар