Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Асанәлі Әшімов ереуілге шыққан халыққа басу айтып, сабырға шақырды

2022 жылғы 5 қаңтар 01:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі актер, халық әртісі Асанәлі Әшімов Қазақстан халқын бірлікке шақырып, үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қымбатты бауырлар, қандастар! Мынау болып жатқан жағдайды естіп менің жүрегім ауырып отыр. Әр уақта елдің тыныштығы керек. Арандатушылар көп. Соларға ермеңіздер. Әр уақта мен халық әртісі ретінде сіздермен біргемін. Бірақ Үкіметтің сіздерге жасап жатқан жағдайына мен қосылам. Екі жақ келісіп, бір жақсы жағдайға келейік. Біз ынтымағы жарасқан елміз. Мен әр уақыта сіздермен біргемін», - деді ардагер актер елге жолдаған бейнеүндеуде.

Халық әртісі Үкімет халықтың талабын орындайтынына сенетінін айтады.

«Үкімет сіздердің айтқандарыңызды орындайтынына мен сенемін. Сондықтан ешқандай арандатушыларға сенбеңіздер. Сіздерді мен жақсылыққа, тыныштыққа шақырамын. Ел тыныш болсын. Ел қобалжып кетті, әбіржіп кетті. Соны абайлаңыздар, елдің тыныштығын сақтаңыздар. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сіздермен келісіп тауып, шешімін табатынына сенемін. Сондықтан сабыр сақтаңыздар, ақылға келіңіздер. Тыныштық болсын әр уақта. Соған мен сіздерді шақырамын», - деді Асанәлі Әшімов.



Новости по теме