Аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарған қазақстандық Беларусь елінен экстрадицияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь мемлекетінен аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деп айыпталған қазақстандық экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады.

«Ол 2016-2017 жылдар аралығында 190 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Тергеу болжамына сәйкес, аталған қылмысты жасаудың қылмыстық схемасын тұлғалар тобында Қарағанды қаласындағы «ПромСтройИндустрия LTD» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры бола тұра, алдын ала сөз байласып жасаған.

Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынғаннан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Э. В. Маслов Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар