Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Аса ауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (5-0, 5 КО) кәсіби рингтегі келесі кездесуін 17 маусымда Киевте өткізеді. Ол WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін бокстасатын украиндық Артём Далакян мен тайландтық Сиричаи Тайеннің боск кешінде айқасатын болады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы алдағы кездесуде грузиндік Ираклий Гвенетадземен (10-7, 9КО) жұдырықтасады. 

Еске салайық, Жан Кособуцкий 25 мамырда Минскіде өткен соңғы жекпе-жегінде екінші раундта техникалық нокаутпен грузиндік былғары қолғап шебері Гогита Горгиладзені жеңген еді. 

Соңғы жаңалықтар