Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Грузиялық қарсыласын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (5-0, 5 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Киевте өткен бокс кешінде Кособуцкий грузиялық Иракли Гвенетадземен (10-7, 9 КО) кездесті. Ауыр салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын.

Кособуцкий алғашқы сәттен бастап шеберлігін көрсете бастады. Гвенетадзе джептерді көп өткізіп отырды. Оның үстіне, қазақстандық боксшы оны рингтің арқандарына қысып, оң және сол жақ бүйірден соққылар жаудырды. Сәтті жасалған соңғы соққылардан кейін Иракли нокдаунға түсті. Екінші раундта Гвенетадзе айқасты жалғастырудан бас тартты. Жеңіс техникалық нокаутпен Жан Кособуцкийге берілді.

Осылайша, ол алтыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтап, кәсіпқой бокстағы жеңісті жолын жалғастыруда. 27 жастағы грузиялық боксшы 10 айқас өткізіп, оның 8-інде жеңіліс тапты. 

Соңғы жаңалықтар