Аса ауыр қылмыс жасаған қостанайлықтарға қатысты үкім шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында аса ауыр қылмыс жасаған ағайындыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 29 жастағы Николай Лапшин мен 35 жастағы Светлана Лапшинаға қатысты үкім шығарды. Олар ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі, 5, 7 тармақтарына (аса қатыгездікпен адам өлтіру) сәйкес айыпталуда.

Іс материалдары бойынша, 2006 жылдан бастап С.Лапшина А.Зарковпен бірге азаматтық некеде тұрған. Олардың екі баласы бар. Екеуі бірге тұрған уақытта Зарков Лапшинаны бірнеше рет ұрып-соққан. Жәбір көрген Лапшина бұл жағдайды өзінің інісіне айтады.

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде сағат 16:00-дер шамасында олардың үйіне Н.Лапшин қонаққа келеді. Сағат 23.00-де шамасында Зарков мас күйінде келіп, Лапшинаға тіл тигізеді. Араларында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Інісі апасының жағына шығып, ағайындылар Зарковқа бірнеше соққы жұмсайды. Содан кейін Зарков еденде жатып қалады.

Лапшин апасына кісі өлтіру әрекетіне баруды ұсынды. Ал Лапшина бұған келісіп, жәбірленушінің бас және мойын тұсына 70 рет пышақ сұққан. Лапшин тірі жатқан Зарковтың басын балғамен ұрады. Ол сол жерде қаза тапқан.

11 сәуірде сағат 01-00-дер шамасында Н.Лапшин жиенімен бірігіп, А.Зарковтың денесін матаға орап қираған ғимаратқа апарып тастайды.

Сот үкімімен екеуі де кінәлі деп танылды. Сот Н.Лапшинді 17 жылға, ал С.Лапшинаны 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар