Ас әзірлейтін, бақша егетін темірлер: Астанада робототехникадан чемпионат өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада робототехникадан республикалық чемпионат өтті. World Robot Olympiad аталған чемпионатта жас өнертапқыштар «Астың маңызы» тақырыбында заманауи идеяларын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас робототехниктердің жарысы ерекше креативті басталды. Ашылу салтанатында дәстүрлі қызыл лентаны екі дрон төбеден ұшырып әкелді.

Жарыс төрт санаттан тұрды: «базалық», «креативті», «роботтар футболы» және «Smart city».

«WRO 2018» тақырыбы «Астың маңызы» деп аталды. Сондықтан жобалардың басым бөлігі тағамдармен байланысты болды. Органикалық су капсулаларын жасайтын робот, тағамға арналған 3D принтерлер, жарма ботқасын дайындайтын робот, ақылды азық-түлік дүкендері, роботтық саңырауқұлақ фермасы, робот бағбандар т.б.

Одан бөлек, аштыққа қарсы жаһандық күреске арналған бірқатар қызықты жобалар ұсынылды. Сондай ерекше жұмыстардың бірі Талдықорған қаласынан келген жас өнертапқыштар Даниил Филимонов пен Абдырасул Расуловтың «Space garden» немесе «ғарыштағы жылыжай» роботы болды.

Құрылғы арқылы ұзақ ғарыштық экспедицияларға арналған кеңістікте өсімдіктерді автоматты өсіруге болады. Робот станцияда ұшып жүріп егін егумен, оны күтіп баптаумен және азықты жинап алумен айналысады.

«Жарысқа қатысқан әрбір жас өнертапқыштың еңбегі айтуға тұрарлық және бір-бірін қайталамайды. Барлық жеңімпаздар жаттығу кездесулеріне қатысады және соның негізінде Тайландта өтетін Дүниежүзілік роботтар олимпиадасында ел намысын қорғайтын ұлттық команда құрылады», - деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидинова. 
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар