USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

«Арзанға пәтер сатамын»: Семейде алаяқ тұрғындарды 10 млн теңгеге алдаған

2021 жылғы 7 желтоқсан 16:00
Бөлісіңіз:
«Арзанға пәтер сатамын»: Семейде алаяқ тұрғындарды 10 млн теңгеге алдаған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғындарын алдап, 10 млн теңгеге жуық пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде полиция қызметкеріне дөрекі мінез танытқан ер адам қамауға алынды Кәрім Мәсімов ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде Есірткі бизнесі: Трансұлттық қылмыстық топтың тағы бір мүшесі ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 24 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға пәтер сатып алып беретіндігін айтқан бейтаныс әйелге 3 млн теңге бергенін жеткізді.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Сондай-ақ оның дәл осы әдіспен тағы екі адамды алдап соққаны белгілі болды. 52 және 27 жастағы зардап шегуші 6 850 000 теңге шығынға батқан. Күдікті өз кінәсін мойындады», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT