Арзандатылған дизель бойынша облыс әкімдіктерінде жауапты тұлғалар белгіленген

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Фермерлер дизель отыны бойынша туындаған сұрақтармен облыс әкімдіктеріндегі жауапты тұлғаларға жүгіне алады. Ауыл шаруашылығы министрлігі олардың байланыс нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдіктеріндегі фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын бөлуге жауапты тұлғалардың байланыс нөмірлерін министрлік сайтынан көруге болады.

Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов диқандарға дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылатынын айтқан болатын.

Сондай-ақ, елімізде дизель отынын сату бойынша шектеулер енгізілді.

Ал, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев д иқандардың дизель отынының бір литрін 202 теңгеден алып жатқанын мәлімдеді.



Соңғы жаңалықтар