Арзан көлік алғысы келген Семей тұрғыны алаяқ әйелге 4,2 млн теңге берген

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында алаяққа алданған азамат 4,2 млн теңге шығынға батты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 38 жастағы семейлік жүгінген.

Өз сөзінде ол бейтаныс әйелдің аукцион арқылы «Hyundai Tucson» маркалы автокөлікті сатып алуға көмектесемін деп 4 200 000 теңге сұрағанын айтты.

Алайда ақша қолына тиісімен алаяқ еш хабарсыз кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Өскемен қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Әйел сол ақшаға өз үйін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар