Арыстың бес секторында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 тамыздағы жағдай бойынша, Арыс қаласында 7056 жеке және көп пәтерлі үйлер қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен СҚО секторларында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Ақмола облыстарының секторлары 99%-ға қалпына келтірілді. Арыстың тұрғын үй қорында 5 мыңнан астам жұмысшы жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі күні 698 тұрғын үйде әрлеу жұмыстары жүргізілуде, тағы 41 үйді құрылысшылар нөлден бастап тұрғызды. Меншік иелерінің келіспеуіне байланысты 34 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмей тұр.
2 мыңға жуық құрылысшы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді, олар білім беру мекемелерінің 50 ғимаратын, 4 денсаулық сақтау нысанын және екі спорт мектебін пайдалануға тапсырды. Сондай-ақ қалада 316 жөнделген коммерциялық нысан жұмыс істеуде.
- Елорданың орталық алаңы қалай түрленеді: Урбанистика орталығының нобайы
- Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
- Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
- СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
-
Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
-
Петропавл: Жаңа құрылған «Жас өркен» ықшамауданында 250 орындық емхана салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам