+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Арыстың барлық мектебі жаңа оқу жылына дайын болады – министр

2019 жылғы 6 тамыз 13:42
Бөлісіңіз:
Арыстың барлық мектебі жаңа оқу жылына дайын болады – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арыстағы жаңа оқу жылына дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші қаза тапты Арыс қаласын қалпына келтіруге 4 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды Арыс қаласы қалпына келіп, жаңара түсті

«Біз Арысқа бірнеше рет бардық. Қазіргі уақытта онда Білім және ғылым министрлігінің өкілі жүр. Ол мектептердегі жөндеу жұмыстарын қадағалайды. Жаңа оқу жылына қала мен ондағы білім беру мекемелері толық дайын болады деп айта аламыз», - деді Асхат Аймағамбетов елордада «Burabay Forum» ашылуында тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, министр мектептердің жай-күйі туралы айтып берді.

«Терезесіне ғана зақым келген мектептер бар. Тек ішінара жөндеу жұмыстары қажет мекемелер болды. Бірақ, іс жүзінде шамамен барлық мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Мәселен, жарылыстан зардап шекпеген спорттық залдардың да едендері ауыстырылды. Апта сайын Арысқа барамыз және үлкен өзгерістердің куәсі болып жатырмыз. Барлық мектеп оқу жылына әзір болады, оған алаңдаудың қажеті жоқ», - деді ол.

Бұған дейін Арыс қаласында 6 704 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталғаны хабарланған еді. Қаланы қалпына келтіру жұмыстарына 184 компания, 7 382 құрылысшы және 298 арнайы техника қатысуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT