Арыстықтарға Президент Жолдауы түсіндірілді
Басқосуда ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Жолдауда қойылған басымдықтардың маңызы өте зор екені айтылды. Қала әкімінің орынбасары Сапарбай Дәрібайдың төрағалығымен өткен жиында Жолдау кеңінен түсіндіріліп, оны жүзеге асыру жолдары талқыланды. Жиынға жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сабира Байзақова, қала әкімдігінің, мекемелер және кәсіпорын қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты.
Басқосу барысында баяндамалар оқылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Өзара пікір алмасулар болып, жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау шаралары өңірдің өзге аудан-қалаларында да өтуде.