Арыстықтардың тағы бір бөлігі жөнделген үйлеріне кірді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арысты қайта қалпына келтіру бойынша секторға бөлініп атқарылған жұмыстар аяқталып келеді. Солтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты құрылыс нысандары толығымен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының әкімдігінен мәлім еткендей, Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданына бекітілген қаладағы 13–сектор жетекшілері салтанатты шара ұйымдастырып, Арысты қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстарында елеулі еңбек еткен жұмысшылар мен белсенділерді марапаттады.

Шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайрат Мустафин мен Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, тұрғындармен кездесті. Әдімдік өкілдері тұрғындарды үйлеріне барып құттықтап, оларға тұрмыстық техника сыйға тартты.

«СҚО мен мен Түркістан облысының Ордабасы ауданы бірлесе отырып 13-секторға бекітілген 17 көшедегі 371 тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, зақым келген 198 баспананың жөнделуіне күш салды. Сондай-ақ Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар рәсімдеу үшін де тиісті мамандар бөлініп, жұмыс жүргізілді. Бұл аумақ бойынша біржолғы жәрдемақы 18 жасқа толған барлық 954 тұрғынға банк карточкалары арқылы таратылып берілді», - деді Түркістан облысы әкімдігінен.



Айтап кетейік, Арыстағы төтенше жағдайдан соң қаланы қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп жүргізілді. Бүгінгі таңда, жалпы 9 сектор өздеріне қарасты аймақтағы жұмыстарды аяқтады.



Соңғы жаңалықтар