Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Арыстықтарды Шымкенттен 135 автобус тасымалдауда

2019 жылғы 28 маусым 10:16 713
Бөлісіңіз:
Арыстықтарды Шымкенттен 135 автобус тасымалдауда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Арыстықтарды Шымкенттен 135 автобус тасымалдауда.  Орталық мешітте халық санының көбеюіне байланысты тағы 18 қоғамдық көлік тартылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, жарылыстан зардап шеккен халықтарды тасымалдауға 6 көлік компаниясы жұмылдырылған. 

«Көлік компанияларының басшылары халықты өздері тасымалдап береміз деп хабарласты. Сондай-ақ, қаладағы жанар-жағар май бекеттерінің қожайындары оларға тегін бензин,  солярка құйып беріп  отыр. Қажет болған жағдайда тағы автобустарды шақыртатын боламыз. Егер бүгін әр түрлі себептермен бара алмай қалғандар болса, ертең де, кейін де көлік ұйымдастырып береміз,- деді Қуатжан Жұматаев. 

Айта кетейік, қалада бас-аяғы 56 эвакуация пункттері ашылған болатын.

«Қаладағы эвакуациялық пункттерде 30 мыңнан астам адам тіркелген. Біз олардың жағдайларына қараймыз. Біреулер емханаларда, ауруханаларда ем қабылдап жатуы мүмкін. Ол жерлерден шыққан соң олардың үйлеріне оралуына қолғабыс етеміз. Қазір әрбір бекеттерге жедел жәрдем қызметі де арнайы шақырылып, қажет болған азаматтарға алғашқы медициналық көмектер де көрсетілуде», - дейді Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Мұрат Базарқұлов.
null 
null 


null 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік, Арыс, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT